Минералды заттар. 19 страница

6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.

Балалардың бірінші үш айлық жасындағы күн тәртібінің негізгі компоненттері ұйқы, тамақтану, сергу болып табылады. Ұйқы өте ұзақ – 16-18 сағатқа дейін, ол болар-болмас сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен жетілмеген жүйке жүйесінің тез әлсірейтіндігімен және қорғаныштық тежелудің дамуымен түсіндіріледі. Ұйқы кезеңдерінің саны 4–3. Екінші айға қарай, ұйқының тәуліктік ырғағы тұрақталады: түнгі ұйқы (10–11 сағат) және күндізгі ұйқы (6–6,5 сағат). Сергу уақытының жиынтық ұзақтығы 5–6 сағаттан, ал әрбір кезеңнің ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспайды.

Өмірінің бірінші жылының кейінгі айларында сергу уақыты біртіндеп ұзартылып, 1 жастың соңында 9–10 сағатқа жетеді. Сергу уақытымен қатар, ұйқының тәуліктік ұзақтығы 14–15 сағатқа дейін, ал ұйықтау кезеңінің саны–2–2,5 дейін азаяды. Емшектегі балаларда тамақ қабылдауының басым (доминанта) болатыныайқынкөрінеді. Сондықтан, күн тәртібінде, тағамға деген қажеттілікті бала оянғаннан кейін қанағаттандырып, тиімді сергу және одан соң жеңіл ұйықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келесі реттілікті сақтайды: ұйқы – тамақтану – сергу – ұйқы. Жасы үлкендеу балаларда, 10 ай және одан жоғары жаста, тамақ доминантасы біртіндеп төмендейді, оның орнын белсенді сергу алады. Сондықтан, емшектегі балаларға қарағанда, 1–3 жастағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөлігінің реттілігі басқаша: ұйқы – сергу – тамақтану. Сергу уақыты 11–12 сағатқа дейін ұзарады, ал, әрбір сергу кезеңінің ұзақтығы 5–6 сағатқа дейін жетеді. Ұйқының ұзақтығы, керісінше, 13–12 сағатқа дейін азаяды, тек, ұзақтығы 2–3 сағаттық, бір ғана күндізгі ұйқы қалады. Емшектегі балалардың сергу уақыты, негізінен гигиеналық күтім және балалар қоршаунда (манеж) жеке баланың ойыны, кейін еңбектеу және жүру дағдыларын меңгеру үшін қолданылады. 1–3 жасар балаларда сергу біршама белсенді бола бастайды, оның құрамына әр түрлі ойындар, таза ауада серуендеу, сонымен бірге, сөйлеуді, сенсорлық қабылдауды, қимыл қозғалыстарды дамытуға ықпал ететін және қоршаған әлеммен таныстыратын арнайы сабақтар мен ән сабақтары кіреді. Бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесі дамуының ерекшеліктеріне байланысты, олар бір іске ұзақ уақыт көңіл тоқтата алмайды, жиі алаңдайды, тез шаршайды, сондықтан да апта бойына әрқайсының ұзақтығы 8–10 минут көлемде 10–11 сабақ өткізіледі. Күніне 2 сабақ өткізіледі – біреуі түске дейін, екіншісі – түстен кейін. Сабақты жеке немесе кіші топтарда жүргізу (5–6 адам) орынды деп саналады. Жаз айларында сабақтарды және ойындарды таза ауада өткізу өте маңызды болып табылады. Қыста міндетті түрде 2 реттен кем емес, ұзақтығы 1–2 сағаттық серуендеу қажет.

Сонымен, емшек жасындағы және мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балаларда күн тәртібі бірнеше рет өзгереді, оны тиімді етіп құру, осы жастағы балаларды тәрбиелеудегі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады.

6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде де, мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балалардың күн тәртібіндегі сияқты, жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Олардың да жоғары жүйке қызметіне бас ми қыртысы жасушаларының жеңіл әлсіреуі және қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болып қала беруі тән. Қозу иррадиациясы, бұрынғысынша концентрациядан басым, бірақ, оған қоса, баланың көңіл тоқтату қабілетін жоғарылататын теріс индукция үрдістері де дамиды. Жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігімен қатар, күн тәртібін құру кезінде ағзаның басқа да мүшелерімен жүйелерінің өсуі мен даму ерекшеліктерін ескеру қажет (1 тарауды қара), яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде жүру, жүгіру, өрмелеу, күрделі қорғану дағдыларын меңгеруге, сөйлеудің қалыптасуы мен жетілуіне, көптеген бұйымдармен және көріністермен танысуға, логикалық ойлаудың дамуына гигиеналық және қандай да бір еңбек дағдыларын бойға сіңіруге ерекше көңіл аударылуы қажет.

загрузка...

Мектепке дейінгі жаста күн тәртібіне келесі 6 құрамдас бөліктері кіреді (9.6.- кесте): өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б.), тамақ қабылдау, сабақтар, үзілістерді қоса, серуендер, күндізгі және түнгі ұйқы. Жасына байланысты күн тәртібі 4 топқа жіктеледі: кіші (3–4 жастағы балалар), орта (4–5 жастағы балалар), үлкен (5–6 жастағы балалар) және мектепке дайындайтын (6–7 жастағы балалар) топтарға. Күн тәртібінің құрамдас бөліктерінің құрылымы, реттілігі мен кезектесіп келуі ұқсас, бірақ ұзақтығы мен мазмұнында айырмашылық болады.

Кесте

Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).

Күн тәртібінің құрамдас бөліктері Балалардың жасы
3–4 жас 4–5 жас 5–6 кг 6–7 кг
Өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек және т.б.) 4,5 4,5
Тамақ қабылдау 1,5 1,5 1,5
Сабақтар (үзілісті қоса) 40 мин 45 мин 1–1,5
Серуендер 4–4,5
Күндізгі ұйқы 1,5
Түнгі ұйқы 10,5 10,5

Күн тәртібінде ұйқы бұрынғысынша маңызды орын алады. Оның жалпы ұзақтығы кіші және орта топтарда 12,5 сағаттан, ал үлкен және мектепке дайындайтынтоптарда – 12–11,5 сағаттан кем болмауы қерек. Түнгі ұйқыға жасына сәйкес 10,5 және 10 сағат бөлінеді. Күндізгі ұйқы күн тәртібінде қала береді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалар үзіліссіз сергу жағдайында 5–6 сағаттан артық бола алмайды, себебі ұзақ уақыт сергу орталық жүйке жүйесі үшін шамадан артық жүктеме болып, астенияға және невротикалық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.

Сондықтан, күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 10–12 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады. Ойын әрекеті– тәрбиелеу және оқытудағы әр–түрлі тапсырмаларды шешуде аса маңызды. Ойындарды қимылды және тыныш (рөлдік желідегі, дидактикалық, музыкалық, құрылыс материалдарымен), жеке және ұжымдық және т.б. деп бөледі. Қимылды ойындарда қимыл-қозғалыстар жетіледі және ептілік, батырлық, шыдамдылық, реакцияның жылдамдығы, баланың кеңістікте және кездойсоқ жағдайларға үйрену қабілеті дағдыланады, ағзаның өсуі мен дамуы ынталандырылады

Одан басқа, қимылды ойындар баланың сабақтан, ұйқыдан кейін жұмыс істеуге қабілетін қалпына келуіне ықпал етеді. Ойынның басқа түрлері (дидактикалық, рөлдік желідегі, музыкалық–дидактикалық және т.б.) қоршаған әлемді тануға, сезім мүшелерінің дамуына, назар аударудың, ойлаудың, сөйлеудің, танудың, есте сақтаудың, көз алдына елестету дамуына ықпалетеді, бірақ аз қозғалысты болып табылады. Сондықтан, күн бойына әр түрлі сипаттағы ойындар тиімді түрде кезектестірілуі қажет.

Қарапайым қозғалмалы ойындарды (қол ұстасып жүріп айтылатын ән мен билейтін би, доппен ойнау, жүгіру, және т.б.) оянғаннан кейін, таңертеңгі сағаттарда, сонымен қатар, статикалық әрекеті басым сабақтарға дейін және олардың арасында өткізу қажет. Спорттық сипаттағы ойындарды (жүгіру, секіру, бадминтон, теннис, шанамен, конькимен сырғанау, велосипед тебу және т.б.) серуендеу кезінде өткізген дұрыс. Қимылды эмоционалдық ойындар ұйықтау және тамақ қабылдау алдында ұсынылмайды, себебі олар, бірінші жағдайда, ұйықтауды қиындатады және терең толық ұйқыға кедергі болады, екінші жағдайда, ас қорыту бездерінің сөлін тежеп, тәбетті төмендетеді және тағамның сіңірілуі мен қорытылуын бұзады.

Ойындарға міндетті түрде ойыншықтарды (доп, шеңбер, құрылыс жиынтығы, секіртпе және т.б.) қолданады, ол қимылдарды жаттықтыруға, тапқырлыққа дағдылануға,ынталылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Ойындармен қатар, балалар ағзасының денсаулығын күшейту мен төзімділігін жоғарылату үшін таза ауада серуендеу тиімді құрал болып табылады. Күнделікті және дұрыс ұйымдастырылған, ұзақтығы 4 сағаттан кем емес серуендеу, осы жастағы балалардың қимыл белсенділігініңқажеттілігін жартылай қамтамасыз етіп, гипокинезия белгілерін төмендетеді. Сонымен бірге, таза ауа және күн радиациясы ағзаның алмасу үрдісін ынталандырып қана қоймай, көңіл-күйге де қолайлы әсер етеді. Серуендеуді күннің бірінші де, екінші де жартысында өткізу қажет. Оның құрамына тек қана жүріп серуендеу ғана емес, сонымен қатар, өз бетінше орындайтын әрекеттердің әр түрлі түрлерін:тыныш және қимылды ойындарды, дене жаттығуларын, табиғатты бақылауды, жұмыс істеуді (өсімдіктерге су құю, қардан жолды тазарту және т.б.) кіргізу қажет.

Мекептке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі – келесі жас топтарындағы оқу бағдарламаларын меңгеру үшін және мектепте оқу үшін қажетті ой жұмысын, жүйке–психикалық статусын және қарапайым білім мен дағдыларын дамыту болып табылады. Осы мақсатта ана тілі, математика, қоршаған әлеммен және табиғатпен танысу, музыка, бейнелеу іс–әрекеті, дене шынықтыру, сенсорлық қабылдауды жақсарту бойынша сабақтар жүргізіледі. Кіші және орта топтарда күніне, күннің бірінші және екінші жартысында, ұзақтығы 15–20 минуттан, 2 сабақ өткізіледі.

Үлкен топтарда сабақтың саны мен ұзақтығы ұлғаяды. Аптасына 4 рет, күніне жалпы ұзақтығы (үзілісті қоса) 1 сағат 25 минуттан, 3 сабақ өткізіледі, ал, аптаның аяқталатын күнінде, жалпы ұзақтығы 1 сағаттан, 2 сабақ өткізіледі. Дайындық тобында үлкен топтағы сабақ санына аптаның әрбір күнінде 1 сабақ қосылып отырады, ал жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа дейін (үзілісті қоса) ұзартылады. Қиын сабақтар (математика, сөйлеудің дамуы, сауаттану, табиғаттану) күн бойына жеңіл (сурет салу, құрастыру, мүсіндеу) және динамикалық (дене шынықтыру, музыка) сабақтармен кезектестірілуі қажет.

Бір күнде екі динамикалық сабақты, және дене шынықтыруды бірінші сабақта өткізу дұрыс емес, себебі дене жүктемесінен пайда болатын қажу дене шынықтырудан кейінгі қиын сабақты өткізу кезінде күшеюі мүмкін. Ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері аптаның басында төмен болып, сейсенбі және сәрсенбі күндері шыңына жетеді, ал содан кейін қайтадан төмендейді, осы деректі ескере отырып, жоғары оқу жүктемесі аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері беріледі. Балалардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы сабақты жүргізу кезінде де ескерілуі қажет.

Сабақта көрнекті құралдарды, дидактикалық ойындарды қолдану, өсімдіктерді, жануарларды және т.б. бақылау, осы үрдіс кезіндегі екі дабыл жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде, белсенді қабылдауды және материалды есте сақтауды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға үй тапсырмасы берілмейді. Жылына екі рет балаларға демалыс беріледі, онда балалар сабақтан босатылады, бірақ мектепке дейінгі мекемеге баруын жалғастырады.

Мектепке дейінгі жастағы кіші топтағы балаларды еңбекке тәрбиелеу, негізінен өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын қалыптастырудан тұрады: өз беттерімен киініп-шешіну, жуыну және тісін тазалау, ұқыпты тамақтанудан. Дегенмен, оларды одан да күрделі іс–әрекетке тарту қажет: өсімдіктерді күтуге көмектесу, дастархан дайындау, еденді сыпыру, өзінің заттарын жинау және басқаларға. Мектепке дейінгі жастағы үлкен топтағы балаларды өзінің төсегін жинауға, заттарын, ойыншықтарын жууға, аяқ-киімін тазалауға, өзінің шкафын және бөлмесін жинауға үйретеді. Сонымен қатар, олар өсімдіктер мен жануарларды күту, жерді қопсыту, көшеттерді отырғызу, суару мен шабу сияқты іс-әрекеттерді орындау мүмкін.

Саусақтардың бұлшық етінің функционалды дамуына ықпал ететін, қол еңбегі сабақтарының да – әр түрлі ұсақ–түйектерді дайындау, іс тігу, тоқу және т.б. пайдалы.Сонымен қатар, жұмыстың ұзақтығы күш жетерлік болуы керек: жеңіл шаруашылықтық-тұрмыстық жұмыстарды орындау кезінде – күніне 25–30 минутқа дейін болып, қарқынды іс–әрекеттер кезінде орта топтағы балалар үшін 7–10 минуттан және үлкен топтағы балалар үшін 15 минуттан аспау керек.

Тағам қабылдау қатал бекітілген сағаттарда жүргізілуі тиіс, себебі ол тағамдық стереотиптің қалыптасуына ықпал етеді және ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін маңызды болып табылады. Тамақты қабылдау аралығының ұзақтығы 4 сағаттан аспау керек, ал барлық тамақтарды қабылдаудың жалпы ұзақтығы – кіші топтарда 2 сағаттан, үлкен және дайындық топтарында 1,5 сағаттан аспау керек. Тамақ қабылдау уақытының ұзаруы ұзақ уақыт отыру себебінен статикалық шаршауды туғызады, және нейрогенді анорексияның дамуына ықпал етуі мүмкін.

6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.

Мектепте оқу мектепке бірінші рет барған балалар ағзасына жоғары талаптар қояды. Үнемі жүргізілетін оқу үрдісіне барлық балалар бірдей функционалды дайын болмайды. Оқуға функционалдық дайын болуы («мектепте оқуға жетілуі») деп мектеп бағдарламасын табысты меңгеру үшін жеткілікті дене және жүйке - психикалық даму деңгейін айтады. Оқуға дайын еместігі немесе дайындығы жеткіліксіз болуы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: денсаулығындағы ауытқулардан, сөйлеу, моторика, психика және т.б. дамуының артта қалуынан.

Мектепте оқуға дайындығын анықтау мектепте оқытудан 1 жыл бұрын (мектепке түсер алдындағы жылдың қазан–қараша айларында), содан кейін, қайтадан мектепке оқуға түсер алдында (мамыр–сәуір) жүргізіледі. Бала дәрігерінің, отоларингологтың, хирургтың, тіс дәрігерінің, көз дәрігерінің және психоневрологтың қатысуымен тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі.Балалардың оқуға дайындығы медициналық және психофизиологиялық критерийлері бойынша бағаланады. Медициналық критерийлерге биологиялық даму деңгейі, баланың денсаулық жағдайы, ағзасының резистенттілігі (жедел аурулармен аурушаңдық мәліметтері бойынша) сияқты көрсеткіштер жатады. Психофизиологиялық критерий ретінде Керн–Ирасек тесті, дыбысты айту ауытқуларын анықтау, монометриялық тест, сонымен қатар, арнайы дайындалған анкета бойынша сауалнама алу жиі қолданылады. Психофизиологиялық критерийлер негізінде «мектепте оқуға қажетті» функциялардың даму дәрежесі (сөйлеу, бас миы қыртысының талдау және синтетикалық қызметі, қимыл қозғалысының дамуы) анықталады. Мысалы, Керн– Ирасек тесті 3 тапсырмадан тұрады, онда адам суретін салу, қағазға жазылған сөзді және нүктелер тобын көшіріп жазу ұсынылады. Монометриялық тестпен шекарадан шықпай шеңберді кесіп алу ұсынылады. Керн – Ирасек тестін орындау тапсырманың табысты орындалуына байланысты балл бойынша бағаланады. Бала неғұрлым көп балл алса, соғұрлым оның қажетті функциясының дамуы төмен болады.

Денсаулық жағдайында қандай да бір ауытқулар анықталу кезінде және мектепке қажетті функцияларының дамуы артта қалғанда, арнайы емдеу, сауықтыру және түзету шаралары жүргізіледі. Қайта медициналық тексеру кезінде баланың мектепте оқуға дайындығы туралы соңғы қорытынды береді.

Суб– және декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары, айқын функционалды ауытқулары, дыбысты айту кемшіліктері бар, төлқұжаттық жасынан биологиялық жасы артта қалған, тәртібінде ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары қалыптаспаған (Керн–Ирасек тесті - 10 және одан да артық балл, монометриялық тест - теріс), бала бақша бағдарламасын меңгере алмаған және оқуға деген көзқарасы қалыптаспаған балалар мектепте оқуға дайын емес деп саналады. Оқуға дайын емес балалардың мектепке баруын уақытша кейінге қалдыру ұсынылады, бұл кезеңді оларды келешекте оқуға максималды дайындау үшін пайдаланады. Гипербелсенді, назар аудару тапшылығы синдромы бар балаларды, олардың басқа параметрлері бойынша оқуға дайындығы жеткілікті болғанына қарамастан, оқыту өте қиын болып табылады. Ондай балаларды ата– анасына сауалнама жүргізу сонымен қатар оқудың бірінші 1-2 айларында балаларды бақылау арқылы анықтайды, содан кейін қажетті медициналық- алдын алу шаралары тағайындайды.

6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу – тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.

Мектепке түскеннен кейін балалардың күн тәртібінде жаңа құрамдас бөліктер пайда болады. Оқу сабақтарын орындауға бөлінетін уақыттың үлесі жоғарылау есебінен және демалу, ұйқы, тамақтануға арналған уақыттың қысқаруы нәтижесінде күн тәртібі айқын өзгереді, жеке құрамдас бөліктерінің мазмұнында жаңа ерекшеліктер пайда болады. Мектеп оқушыларының күн тәртібінің құрылымына мектепте және үйде сабақ оқу, ашық ауада белсенді демалу, өз таңдауы бойынша демалу, тамақтану, жеке бас гигиенасы, ұйықтау кіреді (9.7.- кесте). Күн тәртібін құру жоғарыда аталған барлық принциптерді есепке ала отырып жүзеге асырылады

Оқушылар ағзасының биоырғағы мен жұмысқа қабілеттілігінің динамикасына ерекше көңіл бөлінеді (9.1.-сурет). Басында жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды (жұмысқа төселу кезеңі), одан кейін, максималды деңгейге жетіп, біраз уақыт осы деңгейде тұрады (жоғары жұмысқа қабілеттілік кезеңі), содан кейін біртіндеп төмендейді (жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңі немесе қажу). Жұмысқа қабілеттіліктің осындай динамикасы көптеген балаларда (бірақ барлығында емес) байқалады. Ол жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында да жұмысқа қабілеттіліктің 8–12 және 16-18 сағат аралығында жоғарылаумен сипатталады. Осыған ұқсас балалардың жұмысқа қабілеттілігі оқу аптасы, тоқсаны, жылы ішінде өзгереді: осы кезеңдердің басы мен соңында жұмыс өнімділігі төмендейді, ал ортасында ең жоғары болады. Жұмысқа қабілеттіліктің. динамикасына сәйкес күн, апта, тоқсан, жыл бойына күн тәртібі құрастырылады және оқу жүктемесі бөлінеді. Қазіргі кездегі мектептерде оқу, ақпараттық жүктемелердің көбеюіне және күрделенуіне, уақыттың үнемі тапшылығына, дененің ұзақ уақытқа созылған статикалық қалыпта болуына, гипокинезия мен гиподинамияға, сондай–ақ, әлеуметтік сипаттағы стресс әсерлерінің себептерінен пайда болатын қажу мен зорығудың дамуына, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне, функционалдық бұзылыстар мен әр түрлі аурулардың дамуына байланысты, балалар мен жасөспірімдердің ағзасына жоғары талаптар қояды.

Кесте

Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөліктері және ұзақтығы (сағат)

Күн тәртібінің құрамдас бөліктері 7 жас 8 жас 9-10
жас
11-12 жас 13 жас 14 жас 15-16 жас
Оқу сабақтары:
-мектепте
4 4,5

5-6

5-6

- үйде 1,5 2,5
Тағам қабылдау 1,5 1,5 1,5 1- 1,5 1- 1,5 1- 1,5 1- 1,5
Ашық ауада болу 3-3,5 3-3,5 3-3,5 2,5-3 2,5-3 2,5-3 2,5-2
Өз таңдауы бойынша оқудан тыс әрекет 1-1,5 1-1,5 1-1,5 1,5-2,5 1,5-2,5 1,5-2,5 1,5-2,5
Жеке бас гигиенасы 1,5 1,5 1,5 1- 1,5 1- 1,5 1- 1,5 1- 1,5
Түнгі ұйқы 10-11 8-8,5
Күндізгі ұйқы - - - 1* 1* 1*

*– жоғары оқу жүктемелері кезеңінде болғаны жөн

Сондықтан, мектептегі оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі принциптері:





Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

− 1 = 2